Алматыда жасанды интеллект мектебі ашылды

Алматыда жаңа білім беру жобасы – Жасанды интеллект мектебі жұмыс істей бастады. Ол Алмалы ауданындағы комьюнити-орталықтың базасында ашылды.

gov.kz

Алматы, NEGE. Бастама Жастар саясаты басқармасы мен Qazaq IT Community қолдауымен жүзеге асырылған.

Енді алматылық жастар жасанды интеллект технологияларын тегін оқып, заманауи AI құралдарды меңгере алады. Бұл олардың білім алуына және мансабына пайдалы болмақ.

Бағдарлама машиналық оқыту алгоритмдері мен нейрондық желілерді тәжірибелік түрде үйренуді қамтиды. Qazaq IT Community негізін қалаушы Әсем Болатжан бұл қадамның қалада мықты IT қоғамдастық қалыптастыру үшін маңызды екенін атап өтті.

Оқуға жазылу үшін комьюнити-орталыққа мына мекенжай бойынша баруға болады: Байтұрсынов көшесі, 22к1

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған