Алматыда «Жарқын күз» науқаны басталады

Алматыда жалпы республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында «Жарқын күз» науқаны басталады.

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Алдағы күндері қаланың күзгі-қысқы маусымына дайындыққа ерекше назар аударылады.

Алматыда 18-24 қазан аралығында қала көшелерінде, аулаларда, қоғамдық орындарда және жол инфрақұрылымы бойында ағаштарды санитарлық мақсатта кесу, түскен жапырақтар және қоқыстарды жинау бойынша ауқымды жұмыс жоспарланған. Сондай-ақ, өзендер мен су қоймаларының жағалауын қоқыстан тазарту көзделген. Қаланың коммуналдық қызметтері мен мердігер ұйымдар ұзындығы 1 525 км арық желілерін тазалау жұмыстарын күшейтеді.

Бұған қоса, науқан барысында 1 454 контейнерлік алаң залалсыздандырылып, 32 мыңнан астам көше мен аула қоқыс жәшіктері тазартылады. Қажет болса контейнерлерді жөндеу және бояу жұмыстары да жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр