Алматыда жанжалдасқан жастардың бірінен Калашников автоматы тәркіленді

Оқиға Сайран көлінің маңындағы мейрамхана жанында болған.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алматы полициясы жастар арасындағы топтық жанжалды Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері дер кезінде тоқтатқанын хабарлады.

«Жедел түрде алынған ақпараттың арқасында әрекеттер дер кезінде тоқтатылды. Барлық қатысушылар анықталды және ұсталды. Тінту барысында қатысушылардың бірінен сыртқы пішіні Калашников автоматына ұқсас макет табылып, тәркіленді. Аталған зат айналадағы адамдар үшін қауіп төндірмейді», – делінген хабарламада.

Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу нәтижесі бойынша шешім қабылданатын болады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?