Алматыда жанып жатқан пәтерден 7 жастағы бала құтқарылды

Жетісу ауданы Айнабұлақ-3 шағын ауданында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.

112 KZ

Алматы, NEGE. Өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден 2017 жылы туған баланы құтқарды.

50 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді. Құтқарылған бала жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Ұл бала ересектердің қарауынсыз үйде жалғыз болған.