Алматыда жаңартылған «Дос-Мұқасан ұясы» студенттер үйі ашылды

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде тарихи ғимараттың ашылу рәсімі өтті.

gov.kz

Алматы, NEGE. Бұл жерде кезінде аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблі құрылған болатын. Қайта жөндеуден кейін ғимарат студенттер үшін жайлы баспанаға айналды.

Фото: gov.kz

Студенттер үйінің ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков қатысты. Ол жатақхананың университетке қайтарылуы Мемлекет басшысы жариялаған «Заң және тәртіп» қағидатының орындалуын тағы бір мәрте дәлелдегенін атап өтті. Еске сала кетсек, бірнеше ай бұрын сот шешімімен жатақхана университет қарамағына берілген болатын.

Сот жекешелендіру бойынша жасалған келісімдерді заңсыз деп танып, ғимаратты Satbayev University-ге қайтару туралы қаулы шығарды.

Фото: gov.kz

Қазір Алматыда 120-дан астам студенттер үйі жұмыс істейді. Сондай-ақ жоғары оқу орындарында студенттердің тұрмыстық мәселелерін шешуге арналған ахуалдық орталықтар қызмет атқарады.

Қазір оқып жатыр

Ресей Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін

«Шетелдіктер қарумен ұсталды»: полиция депутаттың мәлімдемесін теріске шығарды

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты