2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Еске салайық, кеше жергілікті тұрғындар Чернышевский көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан нәрестені тауып алған болатын.

Полиция

Алматы, NEGE. Жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, нәрестенің дүниеге келгеніне бір-екі сағат ғана болған. Нәресте ауруханаға жатқызылды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жаңа туған сәбидің анасының жеке басы анықталды.

Ол ұсталды және медициналық көмек алу үшін қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды. 

Қауіпті жағдайда баланы тастап кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.