Алматыда жаңа бейнекамералар орнатылып, қауіпсіздік күшейтіледі

Алматыда жыл соңына дейін 50 мың бейнебақылау камерасын бірыңғай бейнебақылау жүйесіне (ББЖ) қосу жоспарланған.

gov.kz

Алматы, NEGE. Қазір жүйеге 209 жеке және 613 мемлекеттік нысандардағы 45 мың камера қосылған, ал 2025 жылға қарай олардың саны 70 мыңға жетеді.

Жолдағы қауіпсіздікті арттыру үшін «Сергек» кешенінің 300 камерасы орнатылып, қаладағы осындай кешендердің жалпы саны 1 641-ге жетті. Сонымен қатар, «Кешенді қауіпсіздік жүйесі» жобасы аясында жыл соңына дейін 71 денсаулық сақтау нысанында да қауіпсіздік шаралары іске асырылады.

Бұл шаралар Алматыдағы қауіпсіздік деңгейін арттырып, қоғамдық тәртіпті бақылауды күшейтуге бағытталған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр