Алматыда жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында, 23 ақпанда сағат 10:00-де Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді, деп хабарлады Ақматы қаласының әкімдігі. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Мегаполистің тұрғындары мен қонақтарынан түсіністік танытып, тыныштық сақтауды сұраймыз. Сейсмикалық жаттығудың негізгі мақсаты қала тұрғындарының төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттің дайындық деңгейін арттыру. Сейсмикалық жаттығулар күні сағат 10:00-де қалалық ескерту жүйесі іске қосылады. Іс-шараның суық мезгілде өткізілуіне байланысты ТЖД азаматтардан жылы киініп, эвакуациялануды сұрайды», - делінген хабарламада. 

Еске салсақ, Алматы 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Қалада жыл сайын 200-ге дейін әлсіз, сезілмейтін жер сілкінісі болады.

Сейсмологиялық зерттеулер мен бақылаулардың ұлттық ғылыми орталығы болжамды комиссиясының мәліметтері бойынша қалада 7 және одан да көп баллдық жер сілкінісі болмайды.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты