Алматыда заңсыз жұмыс істеп келген «Рахат» базары сүрілді

Алматы әкімдігі Жетісу ауданындағы тиісті рұқсат құжаттарсыз жұмыс істеп келген бұрынғы «Рахат» базарының аумағын абаттандыру жұмыстары басталғанын хабарлады.

instagram.com/akimat_almaty

Астана, NEGE. Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін аумақты босату жұмыстары басталған.

Түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін 150-ден астам кәсіпкер базар аумағынан көшкен.

Оларға Жетісу ауданы әкімдігі көршілес базарлардан жеңілдетілген шарттармен баламалы сауда орындарын ұсынған.

«Жұмыс барысында кәсіпкерлер сауда контейнерлерін өз бетінше шығарып, кейбір құрылымдарды бұзды. Қазіргі таңда босатылған аумақта абаттандыру жобасы әзірленіп жатыр», – делінген әкімдік хабарламасында.

Босаған аумаққа базарға келушілер мен аудан тұрғындарына арналған көгалдандырылған, жайлы қоғамдық кеңістік пен демалыс аймақтарын салу жоспарланған. Сонымен қатар аумақтың бір бөлігі автотұрақ ретінде пайдаланылмақ. 

instagram.com/akimat_almaty

Әкімдік өкілдерінің түсіндіруінше, бұл көлік тұрақтарын ретке келтіріп, ауданның көлік қозғалысын жақсартуға мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Спорт министрлігі мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың мәселесі шешілгенін хабарлады

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Zeekr жүргізушісі кінәсін толық мойындады

БЖЗҚ-да талап етілмеген зейнетақы жинағының жалпы сомасы 45 млрд теңгеге жеткен

Ақтаудағы айлақта бірнеше ер адам төбелес шығарды