Алматыда заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер анықталды

Алматыда заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Жергілікті рейдтер барысында 29 шетелдік анықталды.

– Олардың 25-і қаладағы құрылыс нысандарында жұмыс істесе, тағы төртеуі зауытта жалпы еңбек міндеттерін атқарды. Тағы екі шетелдіктің заңсыз жолаушылар тасымалдап, такси жүргізушісі болып жұмыс істегенін айта кеткен жөн. Шетелдіктердің барлығы Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылды, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Алматы полициясы көші-қон ережелерін сақтау елдегі құқық тәртібі мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды аспектісі екенін еске салады.

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған

Астанада «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы сатыла ма?

Қазгидромет 11–13 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Винус Уильямс Зарина Диасқа қолдау білдірді