Алматыда заңсыз салынған таунхаус бұзыла бастады

Алматының «Шұғыла» шағын ауданындағы Жүнісов көшесінде заңсыз салынған таунхаус бұзылып жатыр.

gov.kz

Алматы, NEGE. Қала құрылысын бақылау басқармасы жергілікті тұрғындардың өтінішінен кейін жоспардан тыс тексеріс жүргізіп, нысанның рұқсатсыз салынғанын анықтады.

Меншік иесі ұйғарымды орындамағаннан кейін басқарма Наурызбай ауданының сотына талап арыз берді. Сот оны биыл 2 ақпанда қанағаттандырды. Ғимарат сот орындаушылардың қатысуымен сүріле басталды.

Былтыр жыл басынан бері Алматыда «Мечта» және «Алма Гарден» тұрғын үй кешендерін қосқанда 41 заңсыз нысан бұзылды. Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен заңсыз құрылысқа бақылау күшейді.

Қазір оқып жатыр

27 мамырда Қазақстанға Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді

Қазақстанда дизель отынына цифрлық және түстік бақылау енгізілді

Иран тарабы Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығуы мүмкін екенін мәлімдеді

Қылмысқа жәрдемдесу ретінде сараланады: полиция ата-аналарға үндеу жасады