Алматыда заңсыз салынған тағы бір нысан бұзылып жатыр

Алматы Қыдырбеков көшесі, 41 мекенжайдағы екі қабатты ғимаратты бұзу жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы меншік иесінің (жеке тұлға) рұқсат беру құжаттары пакеті болмаса да нысан салғанын хабарлады.

2023 жылғы 27 наурызда басқарма меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылдады және жол берілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама берді. Меншік иесі нұсқаманы орындамағандықтан, өткен жылдың 25 маусымында Алматының Наурызбай аудандық сотына осы ғимаратты бұзуға талап арыз берілді.

2023 жылдың 30 қазанында бұзу туралы талап қанағаттандырылды. Сот шешімін орындау үшін бұрын меншік иесі объектіні өз бетінше бөлшектеуді бастаған, бүгінде сот орындаушыларының қатысуымен күрделі құрылымдарды сүру жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді