Алматыда Яссауи көшесі 20 тамызға дейін жабылады

Алматының Әуезов ауданында Яссауи көшесінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Достық шағын ауданының аумағында су құбыры мен кәріз желілерін тарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуына байланысты 2025 жылғы 8 тамыз бен 20 тамыз аралығында Яссауи көшесі кезең-кезеңімен толық шектеледі:

3-кезең: Абай даңғылынан Ұлағат көшесіне дейін

4-кезең: Ұлағат көшесінен Ақбақай көшесіне дейін

5-кезең: Жеті жарғы көшесінен Науметов көшесіне дейін

6-кезең: Тағзым көшесінен Ш. Қажығалиев көшесіне дейін

Инженерлік желілерді төсеу жұмыстары жердің тығыз тасты құрылымына байланысты ашық әдіспен жүргізіледі. Бұл көлденең бағытта бұрғылау (КББ) әдісін қолдануға мүмкіндік бермейді.

«Тұрғындар мен автокөлік жүргізушілерінен уақытша енгізілетін шектеулерге түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды және уақытша жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Шри-Ланка әуежайында 22 дін қызметкері есірткімен ұсталды

Әлемдегі жанармай дағдарысы: Қазақстан рейстерді қысқарта ма?

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі