Алматыда үй өртеніп, бес адам көз жұмды

Алматының Бостандық ауданында жеке үй өртеніп, бес адам қаза тапты. Марқұмдардың ішінде бір бала бар. 

ТЖД

Астана, NEGE. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабар 112 пультіне сағат 03:44-те түскен. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі оқиға орнына төрт минутта жетті. Алайда құтқарушылар келген кезде үй толығымен отқа оранған.

«Өрт сағат 04:42-де толық сөндірілді. Оқиға орнынан бес адамның, оның ішінде бір кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды», – деп хабарлады департамент.

ТЖД өкілдері өртті сөндіруге шамамен 35 адам мен тоғыз техника жұмылдырылғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.