Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирі өтеді

Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender Almaty халықаралық турнирі өтеді.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Әлемдік бәсеке 27-30 шілде аралығында өтеді. Мұнда 5 жас санаты бойынша жүлдегерлерге медаль үлестіріледі.

Аталған турнирде 17 елден келген 230 спортшы бақ сынайды. Бельгия, Гонконг, Үндістан, Иран, Қатар, Қытайлық Тайпей, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Словакия, АҚШ, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан, Жапония және Қазақстан өкілдері WTT Youth Contender Almaty жарысына қатысатындарын растады.

Жарыс соңында жүлделер жинаған ұпайы арқылы әлемдік рейтингідегі орнын жақсарта алады.

Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) және Дүниежүзілік үстел теннисінің (WTT) қолдауымен өтетін турнирге 11 мен 19 жас аралығындағы спортшы ұлдар мен қыздар қатысады.

Айта кетейік, спорттық бәсеке Алматы ADD үстел теннисі орталығында өтеді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?