Алматыда үстел теннисінен ірі WTT Youth Contender турнирі басталды

23 шілдеде Алматыда үстел теннисінен халықаралық WTT Youth Contender турнирі басталды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Байрақты бәсекеге 16 ұлттық құраманың намысын қорғайтын 235 спортшы қатысуда.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасынан түрлі жас санаттарында 86 теннисші өнер көрсетеді.

Жүлделі орындар келесі санаттар бойынша сарапқа салынады:

1. 11 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар – жекелей сын;

2. 13 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар – жекелей сын;

3. 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар – жекелей сын;

4. 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар – жекелей сын;

5. 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар – жекелей сын;

6. 15 жасқа дейінгі аралас жұптық сын;

7. 19 жасқа дейінгі аралас жұптық сын.

Турнирдің тікелей көрсетілімін Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?