5 октября 2025 г. 17:54

Алматыда үшінші қабаттан секіріп кеткен сарбаздың денсаулығына қатысты тың мәлімет жарияланды

Фото: ғаламтордан

4 қазанда Алматыда мерзімді қызметтегі сарбаз биіктіктен секіріп кетті. Оның аман, қазір ауруханада екені белгілі. Дәрігерлер жарақат алған жігіттің денсаулығына қатысты мәліметпен бөлісті, деп хабарлады Zakon.kz.

Алматы, NEGE. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 2007 жылғы мерзімді қызметтегі сарбаздың "биіктіктен құлап, алған жарақат" диагнозымен қалалық жедел жәрдем ауруханасына келіп түскенін, қазір қажетті медициналық ем-шараларын алып жатқанын растады.

"Науқасты дәрігерлердің көпсалалы тобы шұғыл тексерді. Барлық қажетті клиникалық және аспаптық зерттеулер жүргізілді. Науқастың жалпы жағдайы орташа", - деп түсіндіреді дәрігерлер.

Сондай-ақ салалық басқарма әскери қызметші бейінді бөлімшеге жатқызылғанын жеткізді.