Алматыда үш жоғары оқу орнын бомба қойылғаны туралы хабарлама дүрліктірді

Қалалық полиция қызметіне Алматының әртүрлі аудандарында орналасқан үш жоғары оқу орнына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен.

uib.edu.kz

Астана, NEGE. Жедел әрекет ету үшін оқу орындарына шұғыл қызметтер жіберіліп, мамандар ғимараттар мен оларға іргелес аумақтарды толықтай тексеріп шықты.

«Тексеру нәтижесінде жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталмады. Қауіпті заттар табылған жоқ», – деп мәлімдеді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бомба қойылғаны туралы хабарламаның бірі Халықаралық бизнес университетінің поштасына келіп түскен.