Алматыда үш қабатты ғимарат өртенді

Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан үш қабатты ғимаратта шыққан өрт 850 шаршы метр аумақта сөндірілді.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Өрт сөндірушілер бірқатар қиындыққа тап болды. Алғашқы бөлімшелер Н. Данченко көшесіндегі оқиға орнына жеткенде, өрт ғимараттың үлкен бөлігін шарпып үлгерген.

Ашық терезелер арқылы ескен самал жел жалынның жылдам таралуына себеп болған.

Қаланың ең тығыз қозғалысты автомагистральдарының бірінде орналасқан нысанға жету өрт сөндіру техникалары үшін айтарлықтай қиындық туғызды. Алғашқы топ көлік кептелісіне тап болды.

Қазіргі уақытта өрттің нақты себебі анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр