Алматыда университет жатақханасында қыздар төбелесіп, бір-біріне дене жарақатын келтірген

Әлеуметтік желілерде Дінмұхамед Қонаев атындағы университеттің жатақ­ханасында студент қызды соққыға жыққан сәттің видеосы тарады.

видеодан үзінді

Астана, NEGE. Жазбада төбелеске қатысқан қыздардың бірі прокуратура қызметкерінің қызы екені айтылған.

NEGE дереккөзінің хабарлауынша, Абай облысы прокурорының қызы мен Атырау облысы полиция қызметкерінің қызы төбелескен. Мән-жайды анықтау үшін редакция қызметкерлері  Атырау облыстық полиция департаментіне хабарласты, олар «іс Алматыда қаралып жатқанын» айтып жауап берді.

Алматы прокуратурасының хабарлауынша, екі қыздың арасында жеке жақтырмаушылық қарым-қатынас негізі­нде төбелес шыққан. Оқиға болған кезде қатыс­ушылардың бірі кәмел­еттік жасқа толмаған.

Полицияның мәліметінше, жанжал барысында екі тарап та бір-біріне дене жарақаттарын келтірген. Дене жарақатын алу фа­ктілері бойынша Қылм­ыстық кодекстің 108-­1-бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталған.

Ведомство өкілдері қақтығысқа қатысқан екі қатысушының да әрекетіне құқықтық баға берілетінін атап өтті. Бір материал бойынша сот шешім қабылдады: Абай облысының тұрғыны кінәлі деп танылып, қоғамдық жұмыстар түріндегі қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Атырау облысының тұрғынына қатысты екінші материал бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр.

«Сонымен қатар әлеуме­ттік желілерде істің барысы және тараптардың біріне болысатыны туралы бұрмаланған түсінік тудыратын мә­ліметтер таратылуда. Бұл тұжырымдар шын­дыққа жанаспайды.

Атап өтейік: қақтығы­сқа қатысушылардың туыстық, қызметтік не­месе өзге де байланы­старының процестік шешімдер қабылдау кезінде ешқандай маңызы жоқ және болуы да мүмкін емес. Заң ал­дында бәрі тең», – делінген хабарламада.

Тергеп-тексеру барысы қала прокур­атурасының бақылауын­да.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде қоқыс маңынан пакетке салынған нәресте табылды

Астанада Путиннің келуіне байланысты бірнеше күнге көлік қозғалысы шектеледі

Қазақстан «Газпромға» қатысты АХҚО сотының шешімін орындамайды

Қарақұмның базынасы: Бір шағымнан кейін ауыл халқы жол азабын тартып отыр