Алматыда Ұлттық домбыра күні тойланады

Қазақстанда шілденің бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күні тойланады.

gov.kz

Алматы, NEGE. Осыған орай Алматыда 7 шілде күні сағат 20:00-де Абай алаңында «Аңыз Домбыра» концерті өтеді. Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Секен Тұрысбек, Айгүл Қосанова, Асылбек Еңсепов, Шолпан Даржанова, Әбділхамит Райымбергенов, Нұркен Әшіров, Ардақ Балажанова, Нұржан Жанпейісов, «Қоңыр» тобы, «Сазген» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Салтанат» би ансамблі және т.б. артистер өнер көрсетеді.

Танымал күйшілер Кенен Әзірбаев, Төлеген Момбеков, Әсет Бейсеуов, Мейрамбек Жанболатов және т.б. халық әндері мен шығармаларын орындайды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда зейнетақы тағайындау жеңілдеді

Атырауда мектеп маңында 1-сынып оқушысын көлік қағып кетті

Қазақстанда күн күрт суытады

Футбол федерациясы «Ордабасы» – «Атырау» кездесуіндегі төрешілер қателігін мойындады