Алматыда Ұлттық домбыра күні қалай тойланды?

Абай алаңында өткен мерекелік концертке мыңдаған қала тұрғыны мен қонағы жиналды.

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Сахна төрінде Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Роза Рымбаева, Айгүл Үлкенбаева, Рамазан Стамғазиев, Ulytau және «Қоңыр» топтары, сондай-ақ дәстүрлі фольклорлық ансамбльдердің өнерпаздары мен домбырашылар өнер көрсетті.

Фото: Алматы әкімдігі

Кештің ең әсерлі сәті аңызға айналған «Әлқисса» күйінің орындалуы мен шебер домбырашылар мен олардың шәкірттері арасындағы күй тартыс болды. Бұл ұлттық өнердегі ұрпақ сабақтастығының жарқын көрінісі.

«Домбыра – қазақтың жаны, жүрегінің лүпілі. Оның қос ішегінде ғасырлар сыры, бабалар рухы, ұлттың болмысы жатыр», - деп Алматы әкімі Дархан Сатыбалды домбыраның маңызын айтып, халықты құттықтады.

Фото: Алматы әкімдігі

Кеш соңында Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаева «Домбыра туралы баллада» және «Атамекен» атты әсерлі әндерді орындап, концертті түйіндеді.

Қазір оқып жатыр

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

«АЛМЭКС» холдингінің құрылымы өзгерді, бірақ Құлыбаевтар позициясын сақтап қалды

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады