Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісі жүргізушіге ескерту жасаймын деп соққыға жығылды

Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісінің ескертуіне ашуланған көлік жүргізушісі оны ұрып тастаған. 

Halyq Uni

Алматы, NEGE. Болған жағдай туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Куәгерлердің айтуынша күзетшіні жедел жәрдем жақын маңдағы ауруханаға алып кеткен. Жазбада оқиғаның 5 сәуірде күндіз, көпқабатты үй тұрғындарының көзінше болған.

Алматы полиция департаментінің дерегіне сәйкес Бостандық аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалған.

"Күдікті полицияға жеткізілді. Мән-жайды анықтау үшін кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті