Алматыда тұрғын үй кешені күзетшісінің өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа түсті

Алматыдағы «Меркур Тауэрс» тұрғын үй кешенінің күзетшісін көлігімен бірнеше рет басып өлтірген күдіктіге қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа түсті. 

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. «Алматы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 5) тармағы («Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру») және 147-бабы 5-бөлігі («Адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді оның келісімінсіз тарату») бойынша сотқа берілген Т.-ға қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Бірінші эпизод бойынша сотталушы 2024 жылдың наурызында Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің күзетшісін өлтірді деп айыпталып отыр», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, тергеу сотталушыға өзінің танысы А.-ның қатысуымен түсірілген порнографиялық бейнематериалдарды әлеуметтік желілер арқылы таратты деген айып тағып отыр. Қазіргі уақытта сот отырысының уақыты белгіленбеген.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың наурыз айында ер адам «Меркур Тауэрс» элиталық тұрғын үй кешенінің күзетшісін бірнеше рет көлікпен басып, соққыға жыққан болатын. Күзетші ауруханада қайтыс болды. 

Қазір оқып жатыр

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады