Алматыда Тұңғыш Президент саябағын дамыту жоспары әзірленіп жатыр

Алматыда әкім Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен кеңесте Тұңғыш Президент саябағын кешенді жаңғырту жоспары талқыланды. Жиынға сәулетшілер, ландшафт дизайнерлері мен қала басқармалардың өкілдері қатысты.

gov.kz

Алматы, NEGE. 2010 жылы ашылған саябақта 15 мыңнан астам ағаш бар. Қазіргі уақытта автоматты суару жүйесін жаңарту қажет. Инфрақұрылымды толық жаңартып, заманауи технология енгізілмек.

Жоба аясында жасыл желекті көбейту, жаңа экожүйелер құру және 5,5 мыңнан астам гүлдейтін ағаш егу, сондай-ақ 4 гектар аумақта қарағай мен қайың тоғайын отырғызу жоспарланып отыр.

Әкім жобалық шешімдерді нақтылап, көгалдандыру жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз етуді және саябақтың табиғи құндылығын сақтап, оны заманауи әрі экологиялық үйлесімді кеңістікке айналдыруды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды