6 июня 2025 г. 12:25

Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкерін зорлады деген күдікке ілінді

Фото: Полиция

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде өзін Елисей деп таныстырған тұлғаның бейнежазбасы назарға ілікті, деп хабарлады Алматы қаласының полиция департаменті.

Алматы, NEGE. Ол бейнероликте қаладағы түнгі мекемелердің бірінде зорлау дерегі болғандығы туралы хабарлаған.

Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жәбірленушінің жеке басы анықталып, ол полицияға ресми түрде арызданды.

Күдікті ретінде 29 жастағы азамат – аталған мекеменің басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысында күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріледі, оның ішінде мәлімделген жағдайлар ескерілетін болады.

Тергеу барысы Алматы қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында.