Алматыда тролейбус аялдамаға соғылып, бір адам зардап шекті

Алматыда қоғамдық көлік тағы да жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Kazinform

Алматы, NEGE. №7 тролейбус Сейфуллин көшесінің бойындағы аялдамаға соғылды.

«Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінде хабарлағандай, бұл жол-көлік оқиғасы Алмалы ауданында болды. Троллейбус жүргізушісі Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта жүріп келе жатып, Мақатаев көшесіне жетпей аялдама кешеніне соғылды. Апат салдарынан бір жаяу жүргінші дене жарақатын алды. Оқиғаның басқа мән-жайларын Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтайды», - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді