Алматыда Төле би көшесін ұзарту жұмысы қашан аяқталады?

Алматыда Төле би көшесін ұзарту жұмыстары биыл аяқталады.

gov.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Алматы қаласы экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергенов мәслихат сессиясында хабарлады.

Оның мәлімдеуінше, жобаны іске асыруға 13,6 млрд теңге қарастырылған.

«Төле би көшесін ұзарту ауданаралық көлік қатынасын жақсартып, іргелес көшелердегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ол.

Бауыржан Құдайбергенов қосымша 1,3 млрд теңге Алатау ауданындағы Ғажайып және Алғабас шағынаудандарында салынып жатқан жаңа мектептерге апаратын жолдың құрылысына жұмсалатынын жеткізді.

Сондай-ақ Саин және Оңғарсынова көшелерін ұзарту жұмыстарын аяқтауға да қаржы бөлу көзделген. Бұл жобаға 1,6 млрд теңге бөлінбек.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды