Алматыда тыйым салынған діни әдебиеттер тәркіленді

Алматыда тыйым салынған діни әдебиеттер тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қалалық ҰҚКД әріптестерінің көмегімен тыйым салынған діни бірлестік өкілдерінің қылмыстық әрекетінің жолын кесу мақсатында арнайы іс-шара жүргізді. Бір топ адамдар заңға қайшы әрекет жасап, тұрақты түрде кездесулер ұйымдастырып, діни әдебиеттерді, соның ішінде цифрлық ақпарат құралдарында материалдарды таратқаны белгілі болды.

Жедел іс-шаралар барысында заңсыз әрекетті ұйымдастырушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тыйым салынған бірлестікті ұйымдастыру және оның қызметіне қатысу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған