Алматыда Тереңқұр өзеніне қоқыс жәшігін жуған дәмхана әкімшілігіне айыппұл салынды

Алматыда Тереңқұр өзенінде қоқыс жәшігін жуған дәмхана әкімшілігіне айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Бұл дерек әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында белгілі болды. Медеу аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторлары тексеру жүргізіп, бұл заңсыз әрекетті Тереңқұр өзенінің бойында орналасқан дәмханалардың бірінің қызметкерлері жасағанын анықтады.

Бұл дерек бойынша аталған мекеменің әкімшілігіне ҚР ӘҚбК-нің 505-бабында көзделген құқық бұзушылық – қаланы абаттандыру ережелерін бұзу бойынша хаттама толтырылды.

Айыппұл мөлшері 30 АЕК. 

Қазір оқып жатыр

Вице-президент институты: басты фавориттер кімдер?

«BAE Systems» Питер Фостермен бірге кетті. Бізді НЕГЕ қызық кезең күтіп тұр?

Депутат: Санжар Боқаевқа тағылған айып бойынша бас бостандығынан айыру жазасы көзделген

Ақтөбе облысында төбелес кезінде 17 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қаза тапты