2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Алматыда тексерістен өткен көліктердің жартысына жуығы экостандартқа сай емес

Алматыда экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «Таза ауа» акциясы жалғасуда.

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. 30 қазан мен 8 қараша аралығында полицейлермен бірге қала бойынша экологиялық бекеттерде 882 көлік тексерілді.

Негізгі мақсат – көліктердің зиянды шығарындыларын азайту, экологиялық стандартқа сәйкестігін анықтау.

Тексерістің нәтижесінде 45% көлік (398 көлік) экологиялық стандарттарға сәйкес келмейтіні анықталды. Заң бұзушылық бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.