Алматыда тазалықшы әйелді күйеуі ұрып өлтірген

 Алматыдағы "Асылтау" тұрғын үй кешендерінің бірінде әйел адамды күйеуі ұрып өлтірген. Бұл туралы 17 тамызға қараған түні "НеМолчиKZ" қорына хабарлама түскен.

НеМолчиKZ

Алматы, NEGE. Қор мәліметінше, әйел ғимараттағы 14-15 қабаттарды жинап, тазалықшы болып жұмыс істеп жүрген. Сағат 17:00-де тұрғын үй кешенінде полиция мен жедел жәрдем келді.

"Біздің Алматыдағы тұрғын үй кешенінде тазалықшы әйелді күйеуі ұрып өлтірді. Бұл сұмдық. Біздің елде әйелін ұрып-соғып өлтіру сәнге айналған сияқты. Қылмыскерді қолға түсірген секілді. Әйелдің бір қызы бар, жасы 45-те еді. Мен оны күнде көретінмін, сондай ұқыпты еді. Екі үйдегі 14-15 қабатқа дейін тап-таза етіп, жинап шығатын”, – деп жазды тұрғындардың бірі.

Алматы полиция департаменті қайғылы оқиғаны растап, іс қозғалғанын мәлімдеді.

“Алматы полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті "ізін суытпай" ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды”, – деді полиция департаменті.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді