Алматыда тарихи тұлғалардың зираттары цифрлық картаға енгізілді

Алматыда мәдениет, тарих және туризмді біріктіретін «Алматының тарихи жады» жобасы іске қосылды.

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Енді 2GIS картасынан көрнекті қазақстандықтардың жерленген орындарын, ескерткіштер мен мемориалдарды, сондай-ақ, белгілі тұлғалардың өмірі мен шығармашылығына байланысты көшелерді табуға болады.

Туристік бағыттар бойынша арнайы маршрут құру мүмкіндігі де қолжетімді.

Жоба зиярат мәдениетіне – көрнекті тұлғалардың қабіріне құрметпен бару дәстүріне ерекше мән береді. Орталық зират, Кеңсай-1 және Кеңсай-2 ашық аспан астындағы музей ретінде цифрлық маршрутқа енгізілді. Дерекқорға Ұлы Отан соғысы ардагерлерін қосқанда 383 жерлеу орны тіркелген. Жоба сондай-ақ, мәдени мұрасы бай көшелерді де қамтиды. Мысал ретінде жазушылар, ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері тұрған Төлебаев көшесін айтуға болады. Жоба қала сарапшылары мен музейлерінің бірлескен жұмысы нәтижесінде жүзеге асырылды.

Қазір оқып жатыр

«Туристер қаржысы халыққа жұмыс істейді»: Almaty SuperSki талқыланды

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған «Байсат» базары аукционда тағы өтпей қалды

Қарағандыда түлектерді диплом қорғай сала әскери комиссариатқа алып кеткен

Қазақстандық мұғалімдерге өз оқушыларына қосымша сабақ өткізуге тыйым салынуы мүмкін