Алматыда танысу сайттары арқылы ер адамдарды алдап, тонап келген топ ұсталды

Алматыда танысу сайттары арқылы ер адамдарды алдап, тонап келген күдіктілер тобы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Қаскөйлердің әрекет ету схемасы қарапайым, бірақ олар үшін өте тиімді болған: қыздар танысу сайттарында ер адамдардың назарын аударып, оларды жеке кездесуге шақырған.

Кездесу барысында сыбайластары кенеттен шабуыл жасап, жәбірленушілердің ақшасы мен бағалы заттарын тартып алған. Алматы қалалық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаевтың айтуынша, жедел-іздестіру шаралары барысында осындай алты қылмыс жасағанын мойындаған 26 күдікті ұсталды.

«Күдіктілердің барлығы қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Мұндай әрекеттер тек құрбандарға ғана емес, жалпы қоғамға үлкен қауіп төндіреді», – деді Исаев.

Қазір оқып жатыр

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты