Алматыда тағы бір жасөспірім көпқабатты үйдің төбесінен секіріп кетті

Алматының Әуезов ауданында 18 жастағы жасөспірім көпқабатты үйдің төбесінен секірген. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Полиция аталмыш жайт бойынша қылмыстық іс қозғады. Бірақ оқиғаның мән-жайын әзірге белгісіз.

«Осы факті бойынша Әуезов аудандық ІІБ қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр» , – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінен.

Бұған дейін Алмалы ауданында екі оқушы қыз терезеден құлап, мерт болған еді. Кейін қалалық білім бөлімі оқиғаның мән-жайын зерттеу үшін арнайы комиссия құратынын хабарлады. Сонымен қатар көпқабатты үйлердің барлық шатыры тексерілетіні айтылған. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды