Алматыда тағы бір заманауи Оқушылар үйі салынады

Алмалы ауданындағы ескі №2 Оқушылар үйінің орнына жаңа заманауи ғимарат пайда болады. Мекеме 1951 жылы салынған, моральдық және техникалық жағынан ескірген.

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Келесі жылы оның орнында ауданы 2 мың шаршы метрден асатын жаңа екі қабатты ғимарат бой көтереді. Мұнда шығармашылықпен айналысатын 6-18 жас аралығындағы балалардың саны қазіргі 1350 адамнан 3500 бала мен жасөспірімге дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Үйірмелер мен мектеп сыныптарына арналған жайлы бөлмелермен қоса, ойын алаңдары, амфитеатр бар, тіпті бассейн де қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді

Әл-фараби даңғылында жол апаты: Ішкі істер министрі тергеу барысын баяндады

Алматыдағы 2,2 млрд теңгелік коттедждің кімге тиесілі болғаны анықталды