Алматыда тағы бір автобус апатқа ұшырады

Алматыда автобус апатынан тоғыз адам зардап шекті, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Жол полициясы оқиғаның бүгін сағат 9.15-те Алматының Наурызбай ауданында болғанын хабарлады. Әшімов көшесімен солтүстік бағытта, Шаляпин көшесінің солтүстігінде келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі аялдамаға тоқтаған №137 автобусты қағып кеткен.

Салдарынан автобус жолдың шығыс бетіне шығып кетіп, жеке үйдің қоршауына соғылған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, апат салдарынан автобустың тоғыз жолаушысы зардап шекті», - делінген хабарламада.

Оқиғаның басқа мән-жайлары анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?