Алматыда студенттерге дипфейк туралы дәріс оқыды

Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру Департаменті қаладағы ЖОО студенттеріне арналған цифрлық қауіпсіздік сабақтарын өткізуде.

Алматы қаласы бойынша ЭТТД баспасөз қызметі

«Заң және тәртіп» нарративін іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері 2025 жылғы 12-27 қараша аралығында Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттеріне цифрлық қауіпсіздік бойынша ауқымды лекциялар сериясын ұйымдастыруда.

Дәрістер қаланың барлық негізгі ЖОО-ларында интерактивті форматта өтуде. Оқу барысында студенттерге цифрлық алаяқтықтан қорғанудың заманауи тәсілдері, сондай-ақ мобильді құрылғылар мен онлайн-сервистерді пайдалану кезіндегі қауіптердің алдын алу бойынша практикалық әдістер түсіндіріледі.

Кибергигиена дағдыларына ерекше назар аударылады:

  • смартфонды киберқауіптерден қалай қорғау керек;
  • фишингтік сілтемелер мен зиянды қосымшаларды қалай анықтау керек;
  • жеке деректерді қорғау үшін қандай шараларды қолдану қажет.

Сонымен қатар, экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері дипфейк технологияларына байланысты қазіргі заманғы қауіптер туралы кеңінен айтып, жеке цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде практикалық кеңестер береді.

Сабақтардың мақсаты – жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін