2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Алматыда студенттерге арналған жаңа дағдарыс орталығы ашылды

М. Тынышпаев атындағы ALT университетінің №4 жатақханасында 55 орындық дағдарыс орталығы ашылды.

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Мұнда студенттерге психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетіліп, уақытша баспана беріледі. Кәсіби мамандар құпия кеңес өткізіп, қажет жағдайда заңгерлік және медициналық көмекке жолдама жасайды.

Орталықта қауіпсіздік пен өзін-өзі қолдау тақырыбында тренингтер мен ақпараттық іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылады. Сонымен қатар Алматыдағы 35 жоғары оқу орнында студенттердің өтінішін қабылдап, мәселелерін жедел шешуге көмектесетін Ахуалдық орталықтар жұмыс істейді.

22 тамыз күні қаладағы студенттік жатақханаларда жаңа оқу жылына дайындық бойынша мониторинг жүргізіледі.