Алматыда студенттерді қолдауға арналған дағдарыс орталығы құрылады

Әкім Дархан Сатыбалды университет ректорларымен кездесті. Жаңа оқу жылына арналған басымдықтар, жатақханадағы жағдай, студенттердің қала өміріне қатысуы талқыланды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алматыда 200 мыңнан астам студент оқиды. Бұл елдегі барлық студенттің үштен бірі. Сондықтан жүйелі қолдау мен күш-жігерді үйлестіру қажет.

Жатақханалардың жай-күйін тексеру басталды. Студенттер үшін дағдарыс орталығы мен өтінішке жедел әрекет ететін қалалық ахуалдық штаб ашу жоспарланған.

Ректорлар білім беру жүйесін жаңғырту, кампустардағы жағдайды жақсарту және жастардың экологиялық әрі қалалық жобаларға қатысуы бойынша идеясын айтты.

Алматының түркі әлемі жастарының астанасы ретіндегі мәртебесі аясында мәдени және білім беру іс-шаралары өтеді.

«Тек осылай ғана жауапты әрі белсенді ұрпақты қалыптастыруға болады», — деп сөзін түйіндеді Дархан Сатыбалды.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты