Алматыда студент оқытушыға пышақ жарақатын салды

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

видеодан скриншот/qumash_kz

Астана, NEGE. 21 желтоқсанда желіде алматылық студенттің оқытушыға қарумен шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарады. Ақпаратты полиция өкілдері растады.

«Бұл оқиға бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мән-жайлар анықталуда», – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде болған.Telegram-дағы Qumash арнасы жариялаған видеодан бәкіні, қан тамшыларын және еденде жатқан жас жігітті көруге болады. Бірнеше ер адам оны қаумалап алған. Оқытушы мен студент арасындағы жанжал бағаға бола туындауы мүмкін деген болжам айтылды.

Пышақ жарақатын алды делінген оқытушы ауруханада тексеруден өтіп, үйіне жіберілген.

Қазір оқып жатыр

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды