Алматыда студент қыз ҚазҰУ ректоратының 14-қабатынан секіріп кетті

Әлеуметтік желілердегі ақпараттарға сәйкес, қайғылы жағдай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағында болған.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі қыздың қаза болғанын растады. Бұл дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

«Қазіргі уақытта оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаның себебі – отбасылық жағдайларға байланысты болуы мүмкін. Азаматтардан жалған ақпарат таратпауды, тек ресми дереккөздерге сүйенуді сұраймыз», – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін