Алматыда Спорт күні тойланды

Алматыда Орталық стадион алдындағы алаңда еліміздің басты спорт мерекесі — ҚР Спорт күні ұйымдастырылды.

gov.kz

Алматы, NEGE. Қала тұрғындары шеберлік дәрістеріне, турнирлерге қатысып, спортшылармен кездесті.

Фестивальдің салтанатты сәті марапаттау рәсімі болды. Спорт ардагерлері, спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына марапаттар мен алғыс хаттар табысталды.

Қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков қатысушыларды құттықтап, спорттың қоғамдағы маңызына тоқталды.

«Мемлекет өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасап отыр, ал спорт бұл істе маңызды рөл атқарады. Алматы еліміздің спорттық орталығы ретінде үлкен әлеуетке ие», — деді ол.

Қазір оқып жатыр

Жаһандық саммит аясында Мәжіліс спикері екіжақты кездесулер өткізді

Қаракемердің балаларын шыр айналдырған не қара күш?

ШҚО-да кәсіпкер әлеуметтік тауарды 127% үстемемен өзіне-өзі қайта сатқан

Сыртқы істер министрлігі қажылық алдында ықтимал қауіптер жөнінде ескертті