Алматыда сот шешімімен көлік жуу нысаны сүрілді

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, нысан заңсыз салынған.

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Бекмаханов көшесінің батысында Солтүстік айналма көшесінің солтүстік жағындағы учаскедегі нысанды жоспардан тыс тексеру барысында тиісті рұқсат құжатының жоқтығы анықталды.

Басқарма аудандық сотқа заңсыз тұрғызылған нысанды бұзуға шағым түсірген. Жетісу аудандық сотының 2022 жылғы 9 маусымдағы шешімімен автокөлік жуу өз бетінше салынған деп танылды.

Жақында меншік иесі (жеке тұлға) қалалық Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен нысанды ерікті түрде бұзды.

Жалпы, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 38 заңсыз нысан толық немесе жартылай бұзылды, оның ішінде «Мечта», «KHAN», «Граф», «Алма Гарден» ТҮК және т.б. бар.

Қазір оқып жатыр

27 мамырда Қазақстанға Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді

Қазақстанда дизель отынына цифрлық және түстік бақылау енгізілді

Иран тарабы Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығуы мүмкін екенін мәлімдеді

Қылмысқа жәрдемдесу ретінде сараланады: полиция ата-аналарға үндеу жасады