Алматыда соғыс ардагері 101 жасқа толды

 Республика күнінде Ұлы Отан соғысының ардагері Қамбар Сәрсенов 101 жасқа толды.Қарияны қос мерекемен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшылығы, Медеу аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері және "Қарулы күштердің ардагерлері" республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Төлеген Мұстафин құттықтап барды.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. Қамбар Сәрсеновке Қорғаныс министрінің атынан Отан алдындағы еңбегі үшін алғыс білдірген құттықтау хаты табысталды.

Ол 1924 жылғы 25 қазанда Қостанай облысында дүниеге келген. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, оқу-жаттығудан кейін майданға аттанған. Қамбар Сәрсенов Беларусь, Латвия және Литва жерлерінде шайқасып, Кенигсбергті алу операциясына қатысқан, үш рет жараланған.

Майдангер I, II дәрежелі Отан соғысы, II, III дәрежелі Даңқ және "Қызыл Жұлдыз" ордендерімен, сондай-ақ көптеген медальдармен марапатталған. Ардагер Витебск Қызыл Ту орденді, Суворов орденді 51-атқыштар дивизиясының 30-жеке барлау ротасында қызмет етіп, "қарсыласты" ұстап алғаны үшін екі орденмен наградталған.

Соғыстан кейін Қамбар Сәрсенов ішкі істер органдарында қызмет атқарып, кейін Алматының энергетика саласында ұзақ жыл еңбек еткен.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті