13 мая 2025 г. 13:42

Алматыда шетелдіктердің заңсыз еңбек қызметі тоқтатылды

Фото: полиция

Алматыда шетелдіктердің заңсыз еңбек қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Алматы қаласы Түрксіб аудандық полиция басқармасы көші-қон қызметінің қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзуды тоқтатуға бағытталған рейдтер барысында заңсыз жұмыс істеп жүрген 15 шетел азаматын анықтады.

Тексеру көрсеткендей, шетелдіктерді жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жеке компания жалдаған. Көші-қон режимін бұзушылардың барлығы ПД-ның қабылдап-таратуына орналастырылды. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалануды ұйымдастырған жұмыс берушілерді анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстарын жалғастыруда.

– Біздің басты міндетіміз - заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану заңды бұзып қана қоймай, қауіп төндіреді. Рейдтік шаралар тұрақты түрде жалғасатын болады, – деді, Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.