Алматыда шетелдік компанияларға кибершабуыл жасаған күдікті ұсталды

Осы жылдың шілде айында Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелдік әріптестерімен бірлесіп, қазақстандық азаматты киберқылмыс жасады деген күдікпен ұстады.

ҰҚК

Алматы, NEGE. Тергеу материалдары бойынша, ол шетелдік компаниялардың серверлеріне заңсыз кіріп, компьютерлік деректерді шифрлайтын зиянды бағдарламалар орнатқан. Деректерді қалпына келтіру үшін криптовалюта түрінде төлем талап еткен.

Тінту барысында кибершабуылдарды жасау үшін пайдаланылған заттай айғақтар тәркіленді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр