Алматыда шахматтың классикалық түрінен Қазақстан чемпионаты өтеді

Ел біріншілігі 9-17 наурыз аралығында болады. Оған қатысушылар арасында бұрынғы жылдарда жеңімпаздар қатарынан көрінген Абзал Әмірәли, Арыстан Исанжулов, Кристина Попандопуло, Арнаш Бауыржан және Әсия Асылхан бар, деп жазды kazinform.kz.

©instagram.com/kzchessfederation

Алматы, NEGE. Ел біріншілігіне барлығы 159 шахматшы қатысады. Оған халықаралық деңгейдегі шебер (IM), 10 ФИДЕ шебері (FM) және ФИДЕ-нің әйелдер арасындағы 5 шебері (WFM) шақыру алған.

Жарыстың жалпы жүлде қоры — 3,3 млн теңге. Жеңімпазға -750 000, күміс жүлдегерге — 550 000, қола жүлдегерге — 350 000 теңге беріледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 20 мамыр мен 2 маусым аралығында Астана қаласында болатын Қазақстан чемпионатына жолдама алады.