Алматыда семсерлесуден Қазақстан чемпионатында үздіктер анықталды

Алматыда семсерлесуден Қазақстан чемпионаты аяқталды. Турнирдің соңғы медальдары семсер қаруымен айқасуда сарапқа салынды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Ерлер арасында Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Вадим Шарлаимов жеңіске жетті. Күміс жүлдені Шымкент қаласының өкілі Эльмир Әлімжанов еншіледі. Қола медальдарды Шымкенттен Ғабиден Мұстафин мен Астанадан Александр Федотов иеленді.

Әйелдер арасындағы жарыста Алматы қаласының спортшысы София Николайчук топ жарды. Күміс жүлде Полина Лисовскаяға бұйырса, София Актаева мен Ульяна Писцова үшінші орынға тұрақтады. Барлық спортшы Алматының атынан өнер көрсетті.

Жарыстың жалпы командалық есебі бойынша бірінші орынды Алматы құрамасы иеленді. Екінші орын — Шымкентке, ал үшінші орын — Қарағанды облысына бұйырды.

Қазір оқып жатыр

«Қадірлі бауырым»: Тоқаев Ердоғанмен түскен фотосын жариялады

Оралда полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қыз зорлады деген күдікке ілінді

Қазақстаннан шыққан жас актриса Голливудты бағындыруда

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады