Алматыда сауықтыру орталығы ретінде жұмыс істеген 16 боди массаж салоны жабылды

Мегаполисте интимдік қызмет көрсеткен 30-дан астам әйел ұсталды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері сауықтыру массажы қызметінің атын жамылып жұмыс істеген 16 жезөкшелер үйі анықталған.

«Жергілікті рейдтер нәтижесінде интимдік қызмет көрсеткен 30-дан астам әйел ұсталып, полицияға жеткізілді. Оның үшеуі – шетелдік. Сот шешімімен олар еліміздің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін елден шығарылды. Қалған әйелдерге де әкімшілік шара қолданылды. Сонымен қатар жезөкшелер үйі қызметін атқарған 16 ғимараттың иелері жауапқа тартылды», - деді Алмалы аудандық ПБ-ны қарасты полиция бөлімінің бастығы Батуржан Абдумасаров.

Қазір оқып жатыр

Жаңа Конституция: референдум бойынша түпкілікті қорытынды жарияланды

«Ақтөбе» жанкүйерлері Нани мен Love Айканың суретін өшіруді талап етті

Қазақстан туы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды

Блогер Жанабыловтар 7 жылға сотталуы мүмкін